Мүмкіндіктеріңді еселет!

Жоғары сападағы кәсіби инженерлік-консалтингтік қызметтерді көрсету және ұлттық масштабтағы тау-кен өндіру және энергетикалық жобаларға қатысу арқылы қазақстандық нарықта көшбасшы орынға ие болу.

Компанияның ресурстары мен мықты тұстары бізге басты мақсатқа жету жолында едәуір бәсекелесуге лайықты артықшылықтарды береді, атап айтқанда, пайдалы қазбаларды геологиялық барлаумен және өндірумен байланысты жобаларды тиімді сүйемелдеуге, оған қоса жобаны барлық кезеңдерде құрылымдауға, ұйымдастыруға және басқаруға, сондай-ақ жобаның бүкіл өмірлік циклының барысында жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

GEOVIA PCBC™

БЛОКТЫҚ ҚҰЛАТУДЫҢ МЫҚТЫ ЖӘНЕ ИКЕМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

PCBC-ті тау-кен жұмыстарының бұрынғыдан тиімді жоспарларының, кестелерінің және өндірісті басқару үдерістерінің есебінен пайданы көбейту үшін блоктық құлату жүйесін қолданатын барлық дерлік ірі тау-кен өндіру компаниялары қолданады.

РСВС пайдаланушылары ресурстар мен есептемелерді дәлірек бағалаудың, құнарсыздандыру көрсеткіштерін бұрынғыдан тиімді басқарудың және жоғары геотехникалық тұрақтылықтың арқасында кен орнынан көбірек өнім алады.
PCBC-ң қолданыстағы шахталарға серпінді өзгеріп жатқан жағдайларды ескере отырып, кестелерді үнемі жаңартуда табысты тәжірибесі бар.

Орталықтандырылған деректер базасында сақталатын анық ақпараттыө бірыңғай көзінің негізінде шешім қабылдаудың арқасында РСВС пайдаланушылары тау-кен жұмыстарының жоспарларын жаңартуға, жоспарлау мүмкіндіктерін бағалауға және пайдалылық сценарийлерін әзірлеуге азырақ уақыт жұмсайды.

GEOVIA PCBC™АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

шолу кітапшасы
жүйеталаптары

ТЕГІН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ

Сіздің бизнесіңіздің мақсаттары үшін шешім таңдап алуға көмектесеміз. Толық коммерциялық ұсыныс береміз

'

    '