КОНСАЛТИНГ
Два Кей жер қойнауын пайдалану саласындағы: компаниялардың инвестициялық және қаржылық басқарушылық қызметі жөніндегі мәселелерден бастап нарықтарды зерттеуге және болжауға, жалпы бизнес жүргізуге және т.б. дейін кез келген қызмет түрі бойынша кеңес беру қызметтерін көрсетеді.
Два Кей Қазақстан Республикасының үздіксіз дамып келе жатқан жер қойнауын пайдалану саласында туындайтын қиындықтарды жылдам, сапалы және бейстандартты еңсеру мүмкіндіктерін іздеп жүрген клиенттерге бірегей сарапшылар командасымен бірлесіп жұмыс жасауды ұсынады.
Команданың құрамында қатты пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы болып ашқан, ҚР мемлекеттік қызметтері мен ірі бейіндік кәсіпорындарында басқарушы лауазымдарды атқарған, кеніштер мен қайта өңдеу кешендерінің құрылысында жетекшілік еткен, ҚР салықтар, жер қойнауын пайдалану, экология туралы заңдарын шығаруға белсенді қатысқан, сондай-ақ қорландыру және листинг пен ІРО процедурасынан өту кезінде сенімді кеңес берушілер болған геологиялық барлаудағы және тау-кен өндірісіндегі кәсіпқойлар бар.
Ұсынылатын консалтингтік қызметтердің ерекше белгісі кеңес берушінің клиентпен бірлескен жұмысы болып табылады. Осылайша, қойылған міндеттер ұсынылатын бастапқы деректерге сүйене отырып, жедел және сапалы түрде шешіледі.
ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР СПЕКТРІ
- Геология мәселелері бойынша кеңес беру.
- Тау-кен өндірістері мәселелері бойынша кеңес беру.
- Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында кеңес беру.
- Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын қолдану жағынан заңгерлік кеңес беру.
- Жер қойнауын пайдалануға лицензия беру.
- Пайдалы қазбаларды барлауға және/немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолдану мерзімін ұзарту.
- Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды Қазақстан Республикасы Заңнамасының ағымдағы талаптарына (Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға толықтырулар) сай келтіру.
- Жер қойнауын пайдаланушылардың бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу мәселелері жөнінде кеңес беру.
- Тау-кен қазу өнеркәсібі үшін тау-кен геологиялық жүйелерді таңдау және енгізу бойынша кеңес беру.
- Минералдық шикізат нарықтарын зерттеу және болжау.
- Өндірістік активтер тәуекелдерін басқару (HAZID, HAZOP, FMEA/FMECA, RBI).
- Деректерді басқару саласында көрсетілетін қызметтер (жоғары басшылық үшін интеграциялық шешімдерді құру).