GEOVIA MINESCHED™
ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫН ТАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ – КЕРЕМЕТ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ СЫНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
GEOVIA MineSched — кез келген көлемдегі және тұрпаттағы ашық карьерлер мен жерасты кеніштерінде тау-кен жұмыстарын тактикалық жоспарлауға арналған ең заманауи шешім. Бұл шешім кестелерді қолмен жасауға қарағанда өнімділік пен пайданы жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Жылдам әрі қолайлы теңшелуі және жұмыс үдерістерін басқару мүмкіндігі кенішктердің инженерлері мен операторларына негізді шешімдерді қабылдау бойынша өкілеттіктерді қалдыра отырып, тау-кен жұмыстарын тактикалық жоспарлаудағы қиындықтарды жояды.
MineSchedқуаттылық пен материал сапасының мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды құруға мүмкіндік береді.
Жоспарларыңызды өндіруді жоспарлаудың әртүрлі жүйелерін пайдаланып алдын ала жасалған блоктық, торлық және полигоналдық модельдерінің, оған қоса GEOVIA Surpac™ және геология мен тау-кен жұмыстары саласындағы басқа да танымал тәсілдердіңнегізінде құрыңыз. Мақсатты көрсеткіштерді ескере отырып автоматтандырылған тактикалық жоспарлау Гант диаграммасының немесе электрондық кестелердегі деректердің негізінде графиктерді қолмен түзеу қажеттігін жояды.
MineSchedоперациялық тиімділікті және объектінің пайдалылығын арттыруға жағдай жасайтын жоспарларды құрады.
MINESCHED АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
- Жоспардағы көрсеткіштерге жету, жоспарлаудың әртүрлі сценарийлерін жылдам әрі қолайлы құру және салыстырып тексеру
- Тау-кен жұмыстарын жоспарлау үшін кез келген танымал шешімдерден (және осындай шешімдер үйлесімінен) деректерді тікелей оқу өнімділік пен тиімділікті арттырады және пайдаланушыларды деректерді түрлендіру қажеттігінен босатады
- Нормаларды, шектеулерді және мақсатты көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс графиктерін дайындаудың есебінен тау-кен жұмыстарына шығындарды азайту
- Мақсатты көрсеткіштерді жоспарлау алгоритмдері арқылы егжей-тегжейленген талаптарды қанағаттандырудың есебінен өңдеуге шығындарды азайту
- 3D форматында анимацияланған визуалдау арқылы графиктерді тексеру және интерактивті көру үшін автономиялық қосымшада графиктермен алмасу
- Басқа пайдаланушылармен бірлесіп жұмыс жүргізу, графиктерді Microsoft® Excel® жәнеMicrosoft® Project® форматтарында жариялау
ТЕГІН КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ
Сіздің бизнесіңіздің мақсаттары үшін шешім таңдап алуға көмектесеміз. Толық коммерциялық ұсыныс береміз