ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ
«ДВА КЕЙ» ЖШС 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес экология саласындағы жобалық құжаттаманы әзірлеу мен мақұлдау бойынша мол тәжірибе жинақтады.
Біздің компания бүгінгі таңда Жер қойнауын пайдаланушылар үшін ұсынатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті қызметтер мен жобалық құжаттар:
- Көзделетін қызмет туралы мәлімдеме (КҚТМ)
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау
- Болжамды әсерлері туралы есепті дайындау
- Көзделетін қызметті жүзеге асыру кезінде нақты әсердің жобадан кейінгі талдауын орындау
- Рұқсат етілетін шығарынды нормативтерінің жобасы (РЕШН)
- Қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасы (ҚОНЖ)
- Қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ)
- Күкірт карталарына ашық түрде күкіртті орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутегін барлау мен өндіру кезінде операцияларды жүргізу)
- Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) жобасын әзірлеу
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу (ІЖЖ)
- Шығарынды көздерін түгендеу
- Қауіпті қалдықтар төлқұжаты
- Эмиссияға рұқсат
- Қазақстанның кез келген нүктесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу
- Өндіру зардаптарын жою жобасы/жоспары
- Келісімшарт аумағын немесе оның бір бөлігін қайтару
- Мемлекетке қайтарылатын аумақты зерттеу, комиссияның қатысуымен зерттелген жерлердің актісін құрастыру