Мүмкіндіктеріңді еселет!

Жоғары сападағы кәсіби инженерлік-консалтингтік қызметтерді көрсету және ұлттық масштабтағы тау-кен өндіру және энергетикалық жобаларға қатысу арқылы қазақстандық нарықта көшбасшы орынға ие болу.

Компанияның ресурстары мен мықты тұстары бізге басты мақсатқа жету жолында едәуір бәсекелесуге лайықты артықшылықтарды береді, атап айтқанда, пайдалы қазбаларды геологиялық барлаумен және өндірумен байланысты жобаларды тиімді сүйемелдеуге, оған қоса жобаны барлық кезеңдерде құрылымдауға, ұйымдастыруға және басқаруға, сондай-ақ жобаның бүкіл өмірлік циклының барысында жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

Жер қойнауын пайдалану саласындағы кадрлар мәселесі – ең көкейкесті мәселелерді бірі болып табылады, себебі бұл саладағы мамандардың құндылығы меңгерген дағдыларымен қатар жинақтаған ақпаратты білуімен және оны қолдана алуымен анықталады.

Қалыптасқан проблемаларды назарға ала отырып, біздің компаниямыздың мамандары жер қойнауын пайдалану саласында ең сұранысы көп бағыттарды таңдап алды және олар бойынша оқыту бағдарламаларын әзірледі.

Оқу орталығының оқытушылары өз бағыттарында жұмыс тәжірибесі мол, қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген инженерлер болып табылады. Біздің қызметкерлеріміздің жоғары біліктілігі саланы дамытудың соңғы үрдістерін ескере отырып, теориялық материалды қолданудың практикалық аспектілеріне шоғырланатын оқу бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік берді.

Оқу орталығының басты мақсаты – маманға оның еңбек нарығындағы бәсекелі ортада рейтингісін көтеретін білім мен практикалық дағдыларды ұсыну.








    * - обязательные поля
    Сбросить

    Семинарлар жеке де, топта да (20 адамға дейін) өткізіледі.

    НЕГІЗГІ КУРС

    БЕРУ КУРСЫ (геологтар үшін)

    БЕРУ КУРСЫ (тау-кен инженерлері үшін)








      * - обязательные поля
      Сбросить
      '

        '