жаңалықтар
«ДВА КЕЙ» компаниясы «ҚР МҚК LEAPFROG ЖОБАСЫН АЛҒАШҚЫ СӘТТІ ҚОРҒАУ» ДИПЛОМЫНА ИЕ БОЛДЫ
Геологтар күнінің қарсаңында «Два Кей» компаниясы «ҚР МҚК Leapfrog жобасын алғашқы сәтті қорғау» дипломына ие болды.
2018 жылдың соңында Два Кей мамандарының күшімен Қарағанды облысындағы Сарықұм антрацит кен орнының қорлары: С2 санаты бойынша (перспективалы қорлар) 400 млн тонна және осыған шамалас мөлшерде Р1 санаты бойынша болжамды ресурстар ҚР МҚК мемлекеттік балансынақойылды. Жұмыстар #Leapfrogозық бағдарламалық кешенінің көмегімен орындалды.
Seequent компаниясына табысты ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз!
ФОРУМ МАЙНЕКС-2019 10-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ТАУ-КЕН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМЫ
МАЙНЕКС-2019 10-шы мерейтойлық тау-кен геологиялық форумы дөз диалогтық алаңында саланың жұмысына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, жұмысын кеңінен күшейтті. Өндірістік, техникалық, кадрлық және басқа да болуы мүмкін тәуекелдер отырыстарда баяндамалар мен талқылаулардың тақырыбына айналды.
Біздің «Два Кей» компаниямыз бейіндік мәні бар ауқымды іс-шараларға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Осы күні де біздің компаниямыздың Бас директоры – Каменский Николай Геннадьевич пен делегаттарға еліміздегі ТПҚ қорларын есептеуде жаңа бағдарламалық жасақтама қолданған бірінші адамдар ретінде естелік сертификат берілді.
БАС ДИРЕКТОРДЫҢ СҰХБАТЫ
Тау-кен металлургия өнеркәсібі журналының наурыз айында шыққан басылымында Два Кей компаниясының Бас директорының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің Қазақстанның тау-кен геологиялық қоғамдастығына қалай әсер еткені туралы сұхбаты жарық көрді.