Мүмкіндіктеріңді еселет!

Жоғары сападағы кәсіби инженерлік-консалтингтік қызметтерді көрсету және ұлттық масштабтағы тау-кен өндіру және энергетикалық жобаларға қатысу арқылы қазақстандық нарықта көшбасшы орынға ие болу.

Компанияның ресурстары мен мықты тұстары бізге басты мақсатқа жету жолында едәуір бәсекелесуге лайықты артықшылықтарды береді, атап айтқанда, пайдалы қазбаларды геологиялық барлаумен және өндірумен байланысты жобаларды тиімді сүйемелдеуге, оған қоса жобаны барлық кезеңдерде құрылымдауға, ұйымдастыруға және басқаруға, сондай-ақ жобаның бүкіл өмірлік циклының барысында жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

МАНСАП

«Два Кей» ЖШС-де жұмыс істеу – бұл күрделі мәселелерді шешу кезіндегі көпқырлы тәжірибе және өз мамандығыңды мінсіз меңгерудің арқасында мансапта жетістікке жету мүмкіндігі.

Біздің компаниямыз өз қызметкерлерінің әлеуетін ашу және мансапта көтерілу үшін көп мүмкіндік береді.

Кадрлар – бұл компанияның ең басты құндылығы және біз өз қатарымызда энергиясы мен кәсіпқойлығы «Два Кей» ЖШС-ң өз өршіл мақсаттарына жетуіне себепшіл болатын мамандардың пайда болғанын құптаймыз.

Сіздің Два Кей-гі мүдделі лауазымыңызға өзіңіздің ең үздік үміткер екеніңізді көрсету мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін Бос жұмыс орындары бөлімінде өтінім қалдырсаңыз, біздің мамандарымыз сізбен байланысқа шығады!

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Мансабыңды «Два Кей» ЖШС-де баста. Бізге жас, дарынды және өршіл қызметкерлер қажет!

Бейінді білім ал да, сынақ мерзімінен өтіп бізге тәжірибеден өтуге кел, өзіңді көрсет және табысқа апарар жолыңды бізбен бірге баста!

Два Кейде жұмыс істеудің үлкен бір артықшылығы ол жас мамандардың айналасында үнемі жетістікке жетіп қойған және тәжірибесі мен дағдыларын Сізге өз әлеуетіңізді іске асыруға көмектесуге жұмсауға дайын адамдар болатыны!

    '

      '