Мүмкіндіктеріңді еселет!

Жоғары сападағы кәсіби инженерлік-консалтингтік қызметтерді көрсету және ұлттық масштабтағы тау-кен өндіру және энергетикалық жобаларға қатысу арқылы қазақстандық нарықта көшбасшы орынға ие болу.

Компанияның ресурстары мен мықты тұстары бізге басты мақсатқа жету жолында едәуір бәсекелесуге лайықты артықшылықтарды береді, атап айтқанда, пайдалы қазбаларды геологиялық барлаумен және өндірумен байланысты жобаларды тиімді сүйемелдеуге, оған қоса жобаны барлық кезеңдерде құрылымдауға, ұйымдастыруға және басқаруға, сондай-ақ жобаның бүкіл өмірлік циклының барысында жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Два Кей» ЖШС жер қойнауын пайдаланушыларға пайдалы қазбаларды барлау және қазып шығару бойынша жобаларды дамытуға кәсіби қолдау көрсетеді.

15 жылдан астам жұмыс істеген жылдарының ішінде компания тау-кен экономикалық инжиниринг және консалтинг саласындағы инженерлік-консалтингтік фирмалардың ішінде көшбасшыға айналды.

Оқу орталығының және далалық бригадасы, талдамалық зертханасы, геологиялық барлау жабдықтары және бағдарламалық жасақтамасы бар геологиялық қызметтің базасында біз жобаның барлық кезеңдерінде мерзімдер мен құны бойынша жеке тиімді шешімдерді әзірлей отырып, жаңа және қолданыстағы жобаларды дамыту бойынша толық қызметтер кешенін ұсынамыз.

Клиенттердің ішкі ресурстарына толық балама ретінде тәжірибелі сарапшылар тартылатын біздің көрсететін қызметтеріміздің кешенді пакеті қолданылуы мүмкін, оған қоса: жер қойнауын пайдалануға барлық құқықтарды алу, рұқсаттар мен келісімдерді алу, экологиялық нормалау, қорларды есептеу, қорлар мен ресурстардың есептелуіне аудит жүргізу, сондай-ақ жобалау құжаттамасының барлық түрлерін әзірлеу (алдын-ала-ТЭН, ТЭН, ҚОӘБ және т.б.).

 «Два Кей» ЖШС Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының (ТМКҚ), «Жер қойнауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің (ЖТСКБ), «ҚР өндірістік геологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ әрекеттегі мүшесі болып табылады. 

Біздің командамыз кез келген күрделі міндеттерді қисынды мерзімнің ішінде қолданыстағы заңнамаға, халықаралық стандарттарға және клиенттің күткеніне сәйкес сапалы орындайды. Біз Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде және оның аумағынан тыс жерде жұмыс істейміз. Біздің беделділігіміз – нәтижелі іске асырылған жобалардың нәтижесі.

МАҚСАТТАР ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР

Компанияның мақсаты – жоғары сападағы кәсіби инженерлік-консалтингтік қызметтерді көрсету және ұлттық масштабтағы тау-кен өндіру және энергетикалық жобаларға қатысу арқылы қазақстандық нарықта көшбасшы орынға ие болу.

Компанияның ресурстары мен мықты тұстары бізге басты мақсатқа жету жолында едәуір бәсекелесуге лайықты артықшылықтарды береді, атап айтқанда, пайдалы қазбаларды геологиялық барлаумен және өндірумен байланысты жобаларды тиімді сүйемелдеуге, оған қоса жобаны барлық кезеңдерде құрылымдауға, ұйымдастыруға және басқаруға, сондай-ақ жобаның бүкіл өмірлік циклының барысында жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

РЕСУРСТАР ЖӘНЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

  • Барлық көрсетілетін қызметтер түрлеріне лицензиялардың болуы.
  • Барлық көрсетілетін қызметтер түрлеріне лицензиялар бар болған жағдайда тұжырымдаманы әзірлеуден бастап өндіріске қосуға дейін жан-жақты қолдау көрсету.
  • Барлық қатыстырылған инженерлік-техникалық бағыттар, оған қоса геологиялық қызмет, мамандандырылған оқу орталығы және талдамалық зертхана бойынша біліктілігі жоғары мамандардың уәжделген командасы.
  • Қызметтер сапасын қамтамасыз ету және бақылау, шарттық мәселелердегі икемділік.
  • Мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, өз әзірлемелері мен материалдарын жұмыс барысында және жас кадрларды оқытуда қолдану.
  • Шарттық міндеттемелерді және жұмыстарды аяқтау мерзімдерін қатаң сақтау.
  • Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудегі көп жылдық тәжірибе және іскерлік серіктестермен қалыптасқан сенімді байланыстар.

БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

  • 400  мың тонна U, 300 млн. тонна Fe, 8 млн Cu, 225 тонна Au, 75 млн. тонна Cr, 160 млн. тонна көмір және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру бойынша нәтижелі аяқталған жобалар. +
  • Мамандану салаларын және бастапқы қызметтер спектрін айтарлықтай кеңейту.
  • Геологиялық барлаудағы және тау-кен саласындағы ауқымды тәжірибе.
  • Кез келген өндір типіндегі кеніштерді жобалау, соның ішінде: ашық және жерасты тау-кен жұмыстарын, жер асты ұңғымалық шаймалау әдісімен қазу.
  • Отандық нарықта алған орнының нығаюы.
  • Мінсіз бедел және ірі халықаралық корпорациялармен, сондай-ақ қазақстандық жеке және мемлекеттік компаниялармен нәтижелі ынтымақтастық.
'

    '